Материалдар

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңетілген жиналысы өтті

6 ақпан 2018 жылы «Халықтық кеңсе» ғимаратында облыс әкімінің Б.М. Сапарбаев төрағалық етуімен Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңетілген жиналысы өтті.
Жұмыс барысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - С.М.Қалдығұлова, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық және аудандық жұмыспен қамтуды үйлестріру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының директорлары,үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.


Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.О. Отаров, 2017 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысы және Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылғы міндеттері туралы» баяндады.

Сонымен қатар облыстық мәслихатының хатшысы-С.М.Қалдығұлова «Салтанат Сарайында» өткен мәжіліске қатысты.

Отырыста Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқарма басшысы А.Н. Даржанова «Өңіріміздегі кіші және орта кәсіпкерліктің 2017 жылдағы дамуы мен 2018 жылға міндеттері туралы» баяндама жасады.