Материалдар

2018 жылғы 16 ақпанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты коми

2018 жылғы 16 ақпанда, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.


Отырыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы сұрақтар қарастырылды. Атап айтқанда:
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған бала-бақша туралы;
- бюджеттік сала қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы туралы;
- 5 алаңнан тұратын спорттық кешен туралы.

Жұмыс барысында басқарма басшысылары Н. М. Жүсіпов, Л. А. Уразбаева және Д. С. Аманов баяндама жасады.