All articles

Жұма, 25 Қаңтар 2019

Ақтөбе облысының мәслихаты Амангелді Қабашұлы Есіркеповты 65 жас мерейтойымен құттықтады

250119Ақтөбе облысының мәслихаты №22 Мәртөк сайлау округінен депутат, облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Амангелді Қабашұлы Есіркеповты 65 жас мерейтойымен құттықтады.

Read more

Сейсенбі, 15 Қаңтар 2019

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХVІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

1501192019 жылғы 14 қаңтарда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясының жалпы отырысы №24 Ембі сайлау округінен депутат Такталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында 2014 жылғы 03 сәуірдегі сессияда сайланған сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихаттың сесиясында депутаттар Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлады.

Read more

Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2019 жылғы 14 қаңтарда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

2. Әртүрлі мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 14 қаңтарда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

Сейсенбі, 08 Қаңтар 2019

Баспасөз хабарламасы

0801192019 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің І «Самғау» Форумы өтеді.
Қазақстандағы және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын әр жылдағы 200-ден астам түлек қатысады деп күтілуде.
Кездесу Елбасы жариялаған «Жастар жылы» және
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетіні белгілі.
Мұндай форум алғаш рет өткізілуде, Ақтөбе қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді. Кеңеске Испанов И.С., Қалдығұлова С.М., сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім беру ұйымы төрайымының орынбасарлары қатысады.

 

Read more

Бейсенбі, 20 Желтоқсан 2018

Баспасөз хабарламасы

2012182018 жылғы 20 желтоқсанда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Read more

Сейсенбі, 11 Желтоқсан 2018

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясының баспасөз хабарламасы

1112182018 жылғы 10 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясының жалпы отырысы №19 Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманованың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, әкімнің орынбасарлары, қала әкімі, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қала және аудан мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясы 2018 жылғы 10 желтоқсанда сағат 15.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы

3. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептері.

4. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы.

5. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2018 жылғы 10 желтоқсанда сағат 15.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова

Read more

Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2018

Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

0412182018 жылдың 4 желтоқсанында облыстық мәслихаттың Жұмыс тобының және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.
Сонымен бірге комиссия отырысында «Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелері және облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі қаралды.

Read more

Сенбі, 01 Желтоқсан 2018

Құрметті ақтөбеліктер!

011218Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні -мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - ата-бабаларымыздың арманын асқақтатқан, елімізді Тәуелсіздікке, халқымызды бақытты күндерге жетелеген Ұлт Көшбасшысы - Президент күні болып тарихымызға енді.
Елбасымыздың басшылығымен біз бүгін экономикасы тұрақты және кемел болашаққа ұлы мақсаттарымен, арнайы жоспарларымен нық қадам басқан әлеуеті зор мықты да қуатты мемлекетте өмір сүрудеміз.
Әрқашан бірлігіміз бекем, ынтымағымыз бір, ісіміз оң болсын! Бейбітшілігіміз нығайып, Тәуелсіз мемлекетіміз өркендеп, дами берсін!
Еліміздің айтулы мерекесінде Сіздерге және жақындарыңызға баянды ұзақ ғұмыр, қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!

Игі тілекпен,

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова

 

Read more

Бейсенбі, 29 Қараша 2018

С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2911182018 жылғы 28 қарашада облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді.

Read more

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31