Материалдар

Баспасөз хабарламасы

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы Глеб Анатольевич Щегельский, осы Комитеттің мүшесі Құралай Әнуарқызы Қаракен, Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері - Сергей Анатольевич Симонов және Дания Мәдиқызы Еспаеваоблыстық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.


Өңірге келудегі мақсаттары – Парламент Мәжілісінің өткен 2017 жылғы жұмыс қорытындыларымен сайлаушыларды таныстыру, өздерінің заңшығармашылық қызметтерімен, «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен хабардар ету, кездесулер өткізу, сайлаушыларды қабылдау, нысандарда болу.

Облыстық мәслихаттың депутаттары 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке, кейбір заңнамалық актілерге қатысты бірқатар сұрақтар қойып, мәжіліс депутаттары толыққанды жауап берді.