Материалдар

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру жөнінде облыстық мәслихаттың депутаттарымен кеңес С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен2018 жылғы 15 қаңтардаөтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.О.Елеусіноваоблыстық мәслихатдепутаттарының алдында қысқаша хабарлама жасап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында облыста ақпараттық-үгіт топтарының құрылғандығын хабардар етті.


Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова тек қана сайлаушыларды ғана емес, азаматтарды да жеке сұрақтары бойынша қабылдау мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігіне облыстық мәслихат депутаттарының назарын аударды.