Материалдар

Баспасөз хабарламасы

220618-22018 жылғы 19 маусымда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттерінің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» мәселе бойынша облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы Қалмағанбетов хабарлама жасады.


ҚР-ның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссияның рөлін күшейтуге, мемлекеттік саясатты түсіндіруге және ілгерілеуге, зайырлы мемлекеттің құндылықтарын құрметтеуге, конфессияаралық диалогты, діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылды ілгерілетуге, халықтың діндар бөлігі арасында кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығы, білім мен тәрбиесі, олардың әлеуметтік қорғауында отбасы рөлін күшейтуге, құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың және Қарулы Күштердің қызметінің біліктілігін арттыруға, діни тақырыпты жария ету бойынша БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастыруға, жастар, мәдени және спорттық ұйымдар арасында жағымсыз этносаралық және конфессияаралық алауыздық және төзімсіздің стереотиртерінің көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар өткізуге, халық арасында діни негіздегі шиеліністердің алдын алу және оның профилактикасы жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізуге бағытталады.
АТТ мүшелері тұрақты түрде өңірдегі мектеп оқушыларымен, ЖОО және ТжКББҰ-ның студенттерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Бүгінгі күнге дейін жастар арасында 87 шара өткізіліп, 7072 адам қамтылды.
Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Аңсар» АТО КММ тапсырысымен «Қара жол» көркем фильмі және «Үлкен сұрақ» спектаклі жарық көрді. Тұрғындарды деструктивті діни ағымдардың қатерінен сақтандыру мақсатында премьерасы облыс көлемінде ұйымдастырылып, «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру барысында да тұрғындардың, мектеп оқушыларының және колледж студенттерінің назарына ұсынылды.
ҚМДБ өкілдігімен бірлесе атқарылып отырған терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шараларды жетілдіру үшін «Уақып» қоры, ҚМДБ өкілдігі және Ақтөбе облысы әкімдігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.
Облыстық мәслихаттың депутаттары басқарма басшысының хабарламасын тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, пікір алмасты, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты.