Материалдар

Баспасөз хабарламасы

1406192019 жылғы 13 маусымда №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында облыстың қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сағынқызы Сисенова және Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлының «2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды.


Г.С. Сисенованың ақпараты бойынша, түсімдер бойынша облыстық бюджет жыл ішінде 5 (бес) рет өсу нақтыланып, 13 млрд. 535,2 млн.теңгеге ұлғайтылды және 167 млрд. 219,2 млн.теңгені құрады, ол 167 млрд. 971,4млн.теңгеге немесе 100,5% орындалды.
2017 жылмен салыстырғанда оң өсу қарқыны байқалады және ол 105,5% құрайды.
Кірістердің түсімі негізінен 38 млрд 307,4 млн.теңге (22,9%) салықтық төлемдерден, 4 млрд 129,7 млн.теңге (2,5%) салықтық емес түсімдерден, 144,7млн.теңге (0,1%) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден және 108 млрд. 693,7 млн.теңге (65,0%) трансферттерден құралды.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 43 681 506,0 мың теңгеге нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде, білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге, жылу-энергетика жүйесін дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бөлінді.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабына сәйкес үнемдеу есебінен құралған республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің 2018 жылы пайдаланылмаған 552,9 мың теңге толықтай республикалық бюджетке қайтарылды.
Облыстық бюджетке түсетін барлық кірістер мен түсімдерді есепке алғанда шығындар 167 млрд. 219,2 млн.теңгені құрады.
2018 жылы облыстық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бөлігімен, 29 мемлекеттік органмен әкімшіленетін 238 бюджеттік бағдарламамен жүзеге асырылды.
2018 жылы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің кредиторлық берешегі 342,7 млн.теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 279,5 млн.теңгеге ұлғайды.
Үлкен берешек құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен (141,6 млн.теңге),табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен (135,9 млн.теңге), дене шынықтыру және спорт басқармасымен (36,1 млн.теңге) және полиция департаментімен (17,9 млн.теңге) жіберілді.
Тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлының айтуы бойынша, тексеру комиссиясымен жүргізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудағы қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануы, бюджеттік бағдарламаларды толық игере отырып тікелей және түпкі нәтижелердің жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі анықталды.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша ай сайын мониторинг және талдау жүргізу, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізумен, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту, бюджеттік қаражаттарды басқарудағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жандандыру, бюджеттік бағдарламалар басшыларының бюджетті сапалы орындалуын қамтамасыз етуде жауапкершілігін арттыру шараларын қабылдау туралы ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.