Материалдар

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2019 жылғы 26 сәуірде сағат 12.00-де облыстық мәслихаттың мәжіліс залында (екінші қабат, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

2. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 26 сәуірде сағат 12.00-де мына электронды сілтеме бойынша _____________ тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комисссиясының отырысы 2019 жылғы 16 сәуірде сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың мәжіліс залында (екінші қабат, 201 бөлме) өтеді:

Күн тәртібі:

Толығырақ...

Баспасөз хабарламасы

0204192019 жылдың 2 сәуірінде №21 Қарғалы сайлау округінің депутаты – Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Толығырақ...

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі

280319Бүгін 34 азаматтық қоғам мүшесінен тұратын Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Б.Ә.Баймағамбетов сайланды. Сонымен қатар отырыс барысында 5 комиссияның төрағалары сайланды, олар: Е.А.Құрманғазин - бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөнінде, А.А.Садықов - құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде, Е.К.Еспағамбетов -экология, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы жұмыс жөнінде, Б.Қ.Қалмағамбетов - әлеуметтік-мәдени даму жөнінде, С.Ж.Барышев - заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөнінде.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30